Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Новости










Заң бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен табиғи монополия субъектісі «Сырдария-Нұрдәулет» ЖШС-гі тарапынан заң талаптары сақталмағаны анықталды.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 26-бабы 2-тармағы 17) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға міндетті.

Алайда, «Сырдария-Нұрдәулет» ЖШС-гі аталған норманы өрескел бұзып,  тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті Департаментке ұсынбай, нәтижесінде Заңның 26-бабы 2-тармағы 17) тармақшасында белгіленген міндеттерді орындамаған.

         Осы ретте, «Сырдария-Нұрдәулет» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 1-бөлігімен әкімшілік өндірісі қозғалып, Департамент қаулысымен 690000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған болатын.

Аталған қаулы «Сырдария-Нұрдәулет» ЖШС-мен шағымдалып, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен айыппұл сомасы 30% қысқартылып, 483 000 теңгеге өзгертілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті.

20.09.2023 10:31 читать дальше...


Страницы: [ 1 ] [ 2 ] [ 3 ] [ 4 ] [ 5 ] [ 6 ] [ 7 ] [ 8 ] [ 9 ] [ 10 ] [ 11 ] [ 12 ] 13 [ 14 ] [ 15 ] [ 16 ] [ 17 ] [ 18 ] [ 19 ] [ 20 ] [ 21 ] [ 22 ] [ 23 ] [ 24 ] [ 25 ] [ 26 ] [ 27 ] [ 28 ] [ 29 ] [ 30 ] [ 31 ] [ 32 ] [ 33 ] [ 34 ] [ 35 ] [ 36 ] [ 37 ] [ 38 ] [ 39 ] [ 40 ] [ 41 ] [ 42 ] [ 43 ] [ 44 ] [ 45 ] [ 46 ] [ 47 ] [ 48 ] [ 49 ] [ 50 ] [ 51 ] [ 52 ] [ 53 ] [ 54 ] [ 55 ] [ 56 ] [ 57 ] [ 58 ] [ 59 ] [ 60 ] [ 61 ] [ 62 ] [ 63 ] [ 64 ] [ 65 ] [ 66 ] [ 67 ] [ 68 ] [ 69 ] [ 70 ] [ 71 ] [ 72 ] [ 73 ] [ 74 ] [ 75 ] [ 76 ] [ 77 ] [ 78 ] [ 79 ] [ 80 ] [ 81 ] [ 82 ] [ 83 ] [ 84 ] [ 85 ] [ 86 ] [ 87 ] [ 88 ] [ 89 ] [ 90 ] [ 91 ] [ 92 ] [ 93 ] [ 94 ] [ 95 ] [ 96 ] [ 97 ] [ 98 ] [ 99 ] [ 100 ] [ 101 ] [ 102 ] [ 103 ] [ 104 ] [ 105 ] [ 106 ] [ 107 ] [ 108 ] [ 109 ] [ 110 ] [ 111 ] [ 112 ] [ 113 ] [ 114 ] [ 115 ] [ 116 ] [ 117 ] [ 118 ] [ 119 ] [ 120 ] [ 121 ] [ 122 ] [ 123 ] [ 124 ] [ 125 ] [ 126 ] [ 127 ] [ 128 ] [ 129 ] [ 130 ] [ 131 ] [ 132 ] [ 133 ] [ 134 ] [ 135 ] [ 136 ] [ 137 ] [ 138 ] [ 139 ] [ 140 ] [ 141 ] [ 142 ] [ 143 ]