Әкімшілік жазаның мақсаты – заңнама талабын сақтау
« Назад«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті құзыретіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану жатады.
Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 714-бабында белгіленген Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Атап айтқанда, 164-бап.Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу; 165-бап.Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу; 166-бап.Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді бұзуы; 167-бап.Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы; 168-бап.Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы; 250-бап.Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару; 464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу.
Одан басқа, Кодекстің 804-бабы 1-бөлігінің 35) тармақшасына сәйкес Департамент 171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы және бұл баптар бойынша іс өндірістері соттармен қаралады.
Департамент тарапынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар Кодекстің 803-бабында көзделген талаптарға сәйкес толтырылады.
Сонымен, Департамент тарапынан қабылданатын қандай да бір ден қою шаралары табиғи монополиялар субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және жаңа заң бұзушылықтарды алдын-алу мақсатына бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша Департаменті.