ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕНУІ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
« Назад
Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды енгізудің 100 нақты қадамы» Ұлт Жоспарының 98 қадамын орындау барысында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетін енгізуі қарастырылған.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетін енгізу мақсатында, 2017 жылғы 23 тамыздағы ҚР Қаржы Министрлігінің №514 бұйрығымен«Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізілген.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес 104302 БСК-ға «Елді мекендер жерлеріне алынатын жер салығы», ал 104309 БСК-ға «Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» төленеді.
Г.Қожамуратова,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ бас маманы.