Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлықтың алдын алу - баршамызға парыз

« Назад

Жемқорлықтың алдын алу - баршамызға парыз 02.07.2019 11:04

Бүгінгі күнгі қоғамның ең қытымыр тақырыптарының бірі – бұл сыйбайлас жемқорлық. Сондықтан да, сыбайластықпен күрес еліміздің ең ауқымды шараларының бірі, тиісінше саясатымыздың басым бағыттары болып табылатыны анық.

Елбасы саясатының бағытына және жоғарғы орган тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылады.  Оған дәлел ретінде нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы да, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қатысуымен жүйелі түрде  жүргізіліп жатқан дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар, «ашық есік күндері», техникалық сабақтарды атап айтуға болады

Республикалық және жергілікті басылымдарға үнемі мақала, хабарландырулар, сонымен қатар жергілікті телеарна мен радиода сұхбат, хабарламалар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбында жарық көреді.

Сонымен қатар, халықтың құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қызметтік этикасының талаптарын сақтамау фактілерін анықтау мақсатында «23-79-88» «сенім» телефоны қызмет атқарады. «Қызылорда» кедендік рәсімдеу орталығында,  Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында және Салық төлеушілер терминалында арыз-шағым жәшіктері орналастырылған.

Қиянбеков Бейбіт Шәдіұлы,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер Департаментінің
бас маманы