Жемқорлықпен қарсы күресейік
« НазадЕліміздің кез келген өңірінен сыбайлас жемқорлықпен қылмыс жасап, мемлекет мүлкін талан-таражға салып немесе мемлекеттік қызметті асыра пайдаланғандардың қылмысы әшкере болып жатады. Қоғам сауаттанды, заң кез келген азаматтың мүддесін қорғайды, қарапайым азаматтардың құқықтық сауаттылығы артты, өзін-өзі қорғай алады дегенмен, жемқорлардың арбауына түсіп, адал асын алдына тосатын, заңнан гөрі шаруасын парамен шешкісі келіп тұратын азаматтарда жоқ емес. Осындай жолдармен жемқорлыққа жол ашатын адамдар қоғамды кері тартып отыратындығы белгілі. Жемқорлық қылмыстарға қатысты қатаң жаза мен жан-жақты бақылау қылмысты әшкерелеу тетіктерін дамытты. Ортақ ұжымдық күрес нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты көптеген ірі оқиғалар анықталып, біраз шенді, лауазымды адамдар істі болды.
Бүгінгі таңда жемқорлық заң бұзушылық дерек-фактілері болған жағдайда азаматтар құқық қорғау орындарына, сыбайлас жемқорлықпен күрес орталықтарына тегін call-центрлар арқылы хабарлай алатын мүмкіндіктер жасалды. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін мөлшерде материалды ынталандырылатын болды. Заң бойынша, жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Егерде қажеттіліктер туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдіктер береді немесе оның қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеді. Сондықтан барлығымыз өзіміздің өмір сүріп отырған ортамызды түрлі заңсыздықтар мен сыбайлас жемқорлықтан сақтауымыз тиіс.
Н.С. Алматов,
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бас маманы.