Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлықпен жұмыла күрес

« Назад

Жемқорлықпен жұмыла күрес 23.05.2018 14:26

     Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттарының бірі – ол сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын-алу, болдырмау, күресу екендігі белгілі.  Ол дәйекті де күрделі мәселе.

       Қоғамның жан-жақты дамуына кедергі келтіретін құбылыстардың бірі – сыбайласқан жемқорлық. Бүгінгі таңда аталмыш құбылыстың дамуы - ең жоғарғы сатысында тұр деуге болады. Себебі ұйымдасқан қылмыс іспеттес сыбайластықтың да  ұйымдасқан түрлері  кездеседі.  Жемқорлықты тудыратын маңызды факторлардың бірі болып – лауазымды  тұлғалардың өз өкілеттілігін асыра пайдалануларынан туындайтыны белгілі.

     Бұл  тұрғыда  мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы, іс-әрекеті - шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделуі қажет. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында  заңдылық  аясында үнемі және жүйелі түрде жұмыс жасауға міндеттіміз.

       Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы  іс-шаралар ұйымдастырып, үнемі жұмыс жасалуда.
     Атап айтқанда, халыққа сапалы қызмет көрсету және жемқорлыққа жағдай туғызбау мақсатында барлық мемлекеттік кірістер  органдарында «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы», «Салық төлеушілердің терминалдары»  қызмет атқарады.  Бүгінгі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында 29 қызмет түрі болса, оның 15 электронды түрде жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз маманның халықпен тікелей қарым-қатынасын болдырмай, электронды, түрде ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді, яғни жемқорлық құқық бұзушылыққа әкеліп соқтыруына мүмкіндік тудыратын жағдайға жол бермеудің бірден-бір жолы.  Осы тұрғыда көрсетіліп жатқан қызмет сапасына жүргізіліп отырған мониторингі де өз  нәтижесін беріп, қызмет сапасының жоғарылауына оң әсерін тигізіп отырғаны айқындалды және де жыл сайын оның оң нәтижесі жоғарылауда.

       Сонымен қатар, 23-87-32 «сенім» телефоны мен  call_gorkzil@taxkzil.mgd.kz. электронды арыз-шағым жәшігі де қызмет етеді. Бұл жөнінде жергілікті басылым беттеріне хабарландырулар, телеарнаға «жүгіртпе жол» арқылы хабардар етіліп келеді.

     Сол сияқты, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының «Нұр Отан» партиясының  өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау, кездесу, дөңгелек столдар, лекциялар, семинарлар үнемі өткізіліп отырады.  

Ержанова Салтанат Мұратқызы,
Қызылорда қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы.