Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

« Назад

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ 19.09.2017 14:27

    Мемлекет басшысы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдылығында: «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. ... Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» - делінген.

   Ендеше сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу – әрбір азаматтың борышы болмақ.

  Сыбайлас жемқорлық демократиялық негіздерге, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімді нығайтуға, білікті мамандардың мемлекеттік қызметке кіруіне көп кедергі келтіреді. Сондықтан, кез-келген адам, әсіресе, мемлекеттік қызметте жүрген жандар лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, заңда көзделмеген әрекеттерге бармағаны жөн.

   Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің мәдениеті жоғары, білімі сапалы, экономикасы дамыған, жаһандық бәсекеге қабілетті ел болайық десе, жемқорлықтан ада, еліне адал, болашаққа сенімді болғаны дұрыс деп ойлаймын.

                                                                                    Қ. Сәден,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
талдау, есептеу және салықтық 
бақылау бөлімінің басшысы.