Жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың парызы
« НазадҚазақстан Республикасы ТМД елдері арасында алғашқы болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылданғаны белгілі. Бұл Елбасының экономикалық даму серпінді күшті мемлекет құруға бағытталған стратегиялық көрегендік жоспары болғаны бүгінгі күні дәлелденіп отыр.
Мемлекет басшысы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығында : «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет»- делінген.
Ендеше, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау , олардың жолын кесу- әрбір азаматтың парызы болмақ .
Сыбайлас жемқорлық демократиялық негіздерге, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімді нығайтуға, білікті мамандардың мемлекеттік қызметке кіруіне көп кедергі келтіреді. Сондықтан да, кез-келген адам, әсіресе мемлекеттік қызметте жүрген жандар лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, заңда көзделмеген қитұрқы әрекеттерге әуес болмағаны абзал.
«Арым- жанымның садағасы» деген қазақтың ұрпағы өз елінің мәдениетіжоғары, білімі сапалы, экономикасы қарыштап дамысын, жаһандық бәсекеге қабілетті ел болайық десе , жемқорлықтан ада, еліне адал, болашаққа сенімді болғаны дұрыс деп ойлаймын.
Г.Қожамұратова,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ.