Жалағаш ауданында картон қалдықтарынан эковата өндіру қолға алынды

« Назад

Жалағаш ауданында картон қалдықтарынан эковата өндіру қолға алынды 17.08.2022 11:52

Жалағаш кентінде «Адима» жеке кәсіпкері картон қалдықтары мен макулатурадан эковата шығаруды қолға алды.

WhatsApp Image 2022-08-15 at 16.20.05WhatsApp Image 2022-08-15 at 16.20.08

Кәсіпкер Жалағаш кентінің полигон құрылысы үшін берілген уақытша жер учаскесінде жер алып, эковата өндіретін цехты іске қосты. 

Цехтың өндірістік қуаттылығы сағатына 150 кг өнімді өндіру құрайды.  

Эковата –целлюлозалық жеңіл жылу жабдықтаушы материал және оның 80 %-ы картон және қағаз макулатурасынан, 12 %-ы бор қышқылынан және 7 %-ы оттан қорғайтын антиперен (бура) қоспасынан тұрады.    

Эковата құрылыс жұмыстарында, соның ішінде жылу изоляциялық жабдықтау мақсаттарда кеңінен қолданылады.

                                WhatsApp Image 2022-08-15 at 16.20.07

Өндірістік цех ашу үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант қаражатын алып, өндіріске қажетті құрал жабдықтарын сатып алып орнатты. Қазіргі уақытта цехта 2 адам жұмыспен қамтылған.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы.