Заңнама талаптарын сақтамаған үшін әкімшілік жауаптылық
« Назад«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға міндетті (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған).
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қызылорда облысының прокуратурасының 2019 жылғы 30 наурыздағы №2-10-19-03570 ұсынуы негізінде, 2015 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаны орындамаған «Шиелі су құбыры» КМК-на қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды және КМК-ны әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 707,0 мың.теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің
Қызылорда облысы бойынша Департаменті.