Заң бұзушылықтар қалпына келтірілді
« НазадҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексеруде «КазТрансГаз Аймак» акционерлік қоғамы Қызылорда өндірістік филиалы (бұдан әрі - Филиал) тарапынан тұтынушыларға техникалық шарт ұсыну кезіндегі қосымша талаптар белгілеу фактісін заңсыз деп тауып, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 5 нұсқама енгізген болатын.
Филиалдың әкімшілік талабын қарау нәтижесінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 18.11.2022 жылғы шешімімен Департамент нұсқамалары заңсыз деп танылып, талап қанағаттандырылды және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 02.05.2023 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Аталған сот актілеріне Департаментпен кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат келтіріліп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 31.10.2023 жылғы қаулысымен бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күші жойылды және Департаменттің нұсқамалары заңды деп танылды.
Осы ретте, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысына сай Филиалдың газбен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы №2 бұйрығымен бекітілген инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарына сәйкестендіруге жатады.
Қазіргі таңда, Филиалмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысы орындалып, заң бұзушылықтар қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті.