Тазалық – денсаулық кепілі
« НазадКөктем келісімен жер-жаһан жаңарып, тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылады. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің 10 күндігіне іс-шара жоспары бекітілген. Соның бірі «Жайлау күнінде» «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 наурыз күні сенбілік болып өтті.
Сенбілікке Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Г.Қалмақова және басқарма қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері және Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің «ЗК-169\4» мекемесі қызметкерлері мен БАҚ өкілдері бірауыздан атсалысты.
Тазалық – денсаулық кепілі. Адами қасиеттердің бірі қайырымдылық. Осыны берік ұстанған мекеме қызметкерлері «Асар» бағыты бойынша мекеме ауласындағы күл қоқыстарды шығарып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, тал-терек түптерін әктеп дәстүрге айналған сенбілікті ойдағыдай өткізді.
Тазалық күніндегі шараға 200 адам тартылып, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің «ЗК-169\4» мекемесі 100 - ге жуық тал көшеттерін қайырымдылық ретінде, сонымен қатар қызметкерлер 50 түп жеміс ағашын әкеліп, орталықтың жасыл желекке орануына тілектерін білдіріп, қызмет алушылармен бірлесе екті.
Орталық ауласының көгалдандыру жұмыстарымен қызмет алушылар үнемі айналысып отырады. Соның бірі Есбергенов Жарылқаған атамыздың қосқан үлесі зор.
Осы күні барлық сенбілікке қатысушыларға «Бауырсақ пати» ұйымдастырылды.
«№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.