Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Тазалық – денсаулық кепілі

« Назад

Тазалық – денсаулық кепілі 25.03.2021 10:26

Көктем келісімен жер-жаһан жаңарып, тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылады. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің 10 күндігіне іс-шара жоспары бекітілген. Соның бірі «Жайлау күнінде» «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 наурыз күні сенбілік болып өтті.

             IMG_20210320_101417_1  

             IMG_20210320_101349

   Сенбілікке Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Г.Қалмақова және басқарма қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері және Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің «ЗК-169\4» мекемесі қызметкерлері мен БАҚ өкілдері бірауыздан атсалысты.

        IMG_20210320_101026
       Тазалық – денсаулық кепілі. Адами қасиеттердің бірі қайырымдылық. Осыны берік ұстанған мекеме қызметкерлері «Асар» бағыты бойынша мекеме ауласындағы күл қоқыстарды шығарып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, тал-терек түптерін әктеп дәстүрге айналған сенбілікті ойдағыдай өткізді.

         IMG-20210320-WA0007
      Тазалық күніндегі шараға 200 адам тартылып, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің «ЗК-169\4» мекемесі 100 - ге жуық  тал көшеттерін қайырымдылық ретінде, сонымен қатар қызметкерлер 50 түп жеміс ағашын әкеліп, орталықтың жасыл желекке орануына тілектерін білдіріп, қызмет алушылармен бірлесе екті.

          IMG_20210320_101819

Орталық ауласының көгалдандыру жұмыстарымен қызмет алушылар үнемі айналысып отырады. Соның бірі Есбергенов Жарылқаған атамыздың қосқан үлесі зор.     
         Осы күні барлық сенбілікке қатысушыларға «Бауырсақ пати» ұйымдастырылды.

«№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.