Тауарларды электрондық сауда арқылы сату барысында салықтардан босату

« Назад

Тауарларды электрондық сауда арқылы сату барысында салықтардан босату 18.04.2019 09:18

     Интернет-дүкен немесе интернет алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен  тауарларды электрондық сауда арқылы жүзеге асыратын салық төлеушілер салық салудан босатуға құқылы. Аталған босатуды қолдану үшін келесідей талаптар орындалуы қажет;

  • Тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • Тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
  • Тауарларды жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса;
  • Тауарлармен электрондық саудадан түскен табыс барлық табыстың 90 пайызын құраса.

      Осылайша, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер салық органына қызметтің басталғаны туралы хабарламаны табыс етеді. Аталған хабарлама, «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

А. Абдрашов,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер Басқармасының бас маманы.