«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

« Назад

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 25.03.2022 10:25

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі–Заң) Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

         Заңға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталар болсақ:

Заңның 23-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылған:

         «2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде мынадай тәсілдердің бірімен:

         1) конкурс;

         2) баға ұсыныстарын сұрату;

         3) бір көзден алу;

         4) тауар биржалары арқылы тәсілімен жүзеге асырылады.

         Тауар биржалары арқылы тәсілімен сатып алу сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін, биржалық сауданың үлгілік қағидаларына және биржалық тауарлар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады».

          Заңның 23-бабының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылған:

         «6. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады».

         9-тармақтағы «2-тармағының» деген сөздер «2-тармағы бірінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылды.

         26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылды:

         «18-1) сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз етуге».

Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мақсаттарының бірі – ол табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда
облысы бойынша департаменті.