Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару тәртібі

« Назад

Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару тәртібі 06.12.2023 10:12

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен (бұдан әрі–Қағида) табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару тәртібі бекітілген.

Тіркелім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырылады.

Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару мемлекеттік көрсетілетін қызметін осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы жеке және заңды тұлғаларға  көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жүгінеді.

Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну тоқтатылған жағдайда табиғи монополия субъектісі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтініш ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметін көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі:

табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минутты;

табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару – 2 жұмыс күнін құрайды.        

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Ұсынылған құжаттар толық болған және көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласы құрылымдық бөлімшесінің қорытындысы болған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше 1 жұмыс күні ішінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы шешім қабылдайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жолданады.

Мыналар:көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және оларда қамтылған деректердің дұрыс еместігінің анықталуы;көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган басшысының атына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.

                                                                                              Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды
реттеу
комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.