Табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауаптылыққа тартылды

« Назад

Табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауаптылыққа тартылды 25.09.2019 10:44

Қызылорда қаласы прокурорымен заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну (06.08.2019ж №2-10-19-08431) енгізілді. Ұсынуда «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - «Қызылорда су жүйесі» МКК-ны)  және «Қорқыт Ата» Әуежайы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ-ы) тарапынан 2018 жылғы тарифтік сметаны орындамай, яғни табиғи монополиялар туралы заңнама талабын сақтамағаны көрсетілген.                                           

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Алайда, «Қызылорда су жүйесі» МКК-ны  және «Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ-ы 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаның орындалу бөлігінде сақталмай, Департаментпен МКК-ның  суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру, тазарту  қызметіне, ал   «Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне, яғни суды таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру, кірме жолды беру, маневр жұмыстары үшін кірме жолды беру қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Сонымен қатар, Департамент «Қызылорда су жүйесі» МКК-ны және «Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ-ы  «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасының талабын сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 5-бөлігімен аталған субъектілерге әкімшілік өндірісін қозғады және оларды әкімшілік жауаптылыққа тартып, Департаменттің 2019 жылғы 21 тамыздағы №194300573000047 қаулысымен «Қызылорда су жүйесі» МКК-на соммасы 12 860,2 мың теңгеге,  2019 жылғы 21 тамыздағы №194300573000048 қаулысымен «Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ-на соммасы 110,4 мың теңгеге айыппұл салынды.

                                       Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің
Қызылорда облысы бойынша Департаменті.