Табиғат пайдаланушылар назарына!

« Назад

Табиғат пайдаланушылар назарына! 22.01.2019 12:19

       Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы (әрі қарай – Басқарма) тарапынан, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдауға арналған «Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау электронды жүйесін енгізу» жобасы әзірленуде.

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 73 бабының 5 тармағына сәйкес Табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.

Қазіргі таңда, Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімімен, табиғат пайдаланушыларға берілген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат негізінде тоқсан сайын нақты эмиссиялар есебі қағаз түрінде қабылдануда.

Қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдау жүйесі іске асырылғанда II, III және IV санат объектілері бар табиғат пайдаланушылар облыс орталығына келмей аталған есептерді  электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тапсыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

Осыған байланысты, табиғат пайдаланушылар электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілу қажеттігін назарларыңызға жеткіземіз.

Аталған қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдауға арналған электронды жүйесімен таныстыру және тұсау кесер күні қосымша хабарланады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1 ғимарат, Қызылорда облысы әкімдігінің мемлекеттік мекемелер үйі, 2 қабаты, 222 каб. жауап алуға болады. Байланыс телефонымыз: 8(7242)60-53-69.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы.