Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!
« НазадҚазақстан Республикасы үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы №736 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1229 қаулысында /ҚР ПҮАЖ-ы, 2009 ж, №47-48, 444-құжат /көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде /Ветеринария саласында пайдаланылатын / қолданылатын /дәрілік заттардың; ветеринаоиялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық / ветеринариялық /мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импортты ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады /. Сондай-ақ , ҚР :кіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары . Осы Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары / бұдан әрі –Қағидалар / «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің / Салық кодексі //бұдан әрі –Кодекс / 276-15- бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың қолданысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын жүзеге асыратын тұлғаларға / бұдан әрі – тұлға / қолданылады.
Аталған Үкім «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастырылды.
Г.Қожамұратова,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы.