Сыбайластық- сыйластық емес!
« НазадСыбайластық,- әлемде орын алып тұрған бірінші өзекті мәселе болып тұр. Олай дейтініміз, теледидардан, баспасөз беттерінен өздеріңіз оқып-көріп жүргендеріңіздей алуан түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Осы сыбайластықтың тамырына балта шабу, яғни, сыбайластықпен күресті біздер әуелі өзімізден бастауымыз керек. Мәселен, салық саласы бойынша ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің талабы бойынша салық есептіліктерін тапсыру мерзімі және сол есептіліктер бойынша бюджетке төлем мерзімі, тайға таңба басқандай анық жазылып қойылған. Алайда, осы заңдылықтарды сақтамай жатамыз. Осы салық заңдылықтарын сақтамау салдарынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талабы бойынша айыппұл салу көзделген. Осы әкімшілік құқық бұзушылықтар салдарынан сыбайластықтың оты тұтанып жатады. Бұл бір ғана мысал. Сондықтан, жоғарыда айтып кеткеніміздей, сыбайластықты әуелі өзімізден бастауымыз керек. Ол үшін Қазақстан Республикасының қай заңы болмасын қатаң сақтап жүргеніміз абзал.
Н.Бектурганов,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ.