Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

« Назад

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті 29.03.2017 15:59

Мемлекеттің дамуына елдің әрбір азаматы үлес қосуға мүдделі. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен мемлекеттік қызметтің баршаға сапалы болуын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін материалдық игілік, жетістіктер мен сапалы білім болуы тиіс. Дегенмен, адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық-заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі болып отыр.

Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де бұл кесел айналып өтпеді. Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа арнаған жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттілігін айтып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы  барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп тамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.  Парақорлық билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.

Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға жол бермеу үшін қоғам болып күресу қажет.

 

Ә.ДОСЫҒҰЛОВА,
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы.