Сыбайластыққа жол бермейік

« Назад

Сыбайластыққа жол бермейік 15.03.2023 15:15

Мемлекетімізде бірегейлі өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр.Сыбайлас жемқорлық тек біздің елді ғана емес,әлемнің басқа да елдерін толғантқан мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда жемқорлықпен күрес қоғам үшін әркезде де үздіксіз міндет болып саналады. Келеңсіз құбылыстармен бітпес күрес жүргізу тек сот, құқықық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе басқа жағынан да жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Сондықтан да барлық азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп,қоғамды осы індеттен арылтуда өз үлестерін қосуға тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың орын алуын біле тұра алдын алуға ат салыспаған азаматтарда жауаптылықта болатынын ескерген жөн.Жемқорлықтың тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі.

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бойынша Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң бұзушылықтарды жою және болдырмау мақсатында 2017 жылға арналған іс шаралар жоспары жасалынып бекітілді және соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді және рұқсат беру құжаттарын қарау тәртібі «кеңсе» арқылы «бір терезе қағидасы бойынша» жүргізуге қатаң бақылау орнатылған. Рұқсат беру құжаттарын тіркеу, қабылдау және беру жұмыстары «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талабына сәйкес мекеме басшысымен азаматтарды қабылдау кестесі бекітіліп, міндетті түрде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды кемінде үш адам құрамында жүргізу талап етіліп жұмыстар ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап,осы қауыпты құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі - Заң алдында барлық адамдардың теңдігі. Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікте бірдей тартылады Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап,осы қауыпты құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Елбасымыз «жалпы ұлттық міндет» деп жариялауы баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтінін ұмытпайық.

О.Аханов,
Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.