Субъектілер әкімшілік жауапқа тартылды
« Назад
Субъектілер әкімшілік жауапқа тартылды 17.08.2022 11:49
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Жолдықұлов» ЖК-ге, «Алагер» ЖШС-не, «Сексеуіл су құбыры сервис» МКК-на және «Арал» СЖКБДФ-на қатысты «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 3), 15) тармақшаларында белгіленген міндеттерді сақтамағаны, атап айтқанда тарифтік сметаны орындамағаны, жоғарғы тарифті қолданғаны және белгіленген нысандардағы есепті бермеу бойынша әкімшілік өндірістері қозғалды және субъектілер жалпы сомасы 17 030 963,98 теңгеге айыппұл салынуымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қазіргі уақытта, Департаменттің әкімшілік айыппұлды салу туралы қаулыларын өз еркімен орындау мерзімдері келген жоқ.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша Департаменті.