«Шалқия Цинк ЛТД» акционерлік қоғамына әкімшілік өндірісі қозғалды
« НазадҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Қызылорда облысында қызметін көрсететін «Шалқия Цинк ЛТД» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ-ы) тарапынан 2021 жылы табиғи монополиялар туралы заңнама талабын сақтамау фактісі анықталды, атап айтқанда:
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға осы Заңға сәйкес өтініммен жүгінуге міндетті.
Департаменттің 2018 жылғы 3 шілдедегі №90-НҚ бұйрығына сәйкес, АҚ-ның жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифті және тарифтік сметасы бекітілді.
АҚ-ы 2019 жылғы 19 шілдеде, 2020 жылғы 26 маусымда және 30 қыркүйекте, 2021 жылғы 31 наурызда Департаментке жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифті және тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтінім ұсынды және ұсынылған құжаттар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болмауына байланысты қараудан бас тартылды.
Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.
Алайда, АҚ-ы жоғарыда аталған Заңның нормаларына қайшы қайта осы уақытқа дейін уәкілетті органға жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметі бойынша тарифті және тарифтік сметаны бекіту жөнінде өтінім ұсынбаған.
Сонымен, табиғи монополия субьектісі болып табылатын АҚ-мен Заңның 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген міндеттер орындалмаған.
Нәтижесінде, Департаментпен АҚ-на қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының төртінші бөлігімен әкімшілік өндірісі қозғалды және табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті.