Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Салық төлеушілер назарына!

« Назад

Салық төлеушілер назарына! 14.05.2020 17:43

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы №176-V «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына 2020 жылы бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Соңғы енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес, Борышкердің салықтық берешек сомасын, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы қабылданғаннан кейін өтемеуі кредитордың салықтық және кедендік төлемдер бойынша борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.

Сонымен қатар, сотта банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу негіздер болған кезде борышкердiң, кредитордың және кей жағдайларда прокурордың, оңалтуды басқарушының өтініші негізінде қозғалады.

Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне:

1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;

2) борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын, яғни төлем қабілетсіздігін растайтын дәлелді талдаулар мен құжаттар;

3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.

4) борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;

5) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);

6) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың (осындай кредиторлар бар болған кезде) банкроттық туралы iске қатысу үшiн олардың өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;

7) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi;

8) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылса, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;

9) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты талап қоюлар, сот бұйрығын шығару туралы өтініштер, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;

10) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының 
Мәжбүрлеп өндіру бөлімі.