Салық төлеушілерге - Сапалы қызмет!

« Назад

Салық төлеушілерге - Сапалы қызмет! 24.03.2017 11:04

Елбасының еліміздегі кәсіпкерлікті барынша қолдау саясатын жүргізуінің арқасында оның кез келген саладағы өрісі кеңіп, тынысы ашылғаны анық. Осыған себеп, кәсіпкерлер саны уақыт өткен сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, салықтық мәдениет деңгейінің де өткен жылдармен салыстырғанда біршама жақсарғанын аңғаруға болады. Салық саласында енгізіліп жатқан түрлі мемлекеттік қызмет көрсетудің озық тәсілдерін меңгерген кәсіпкерлердің саны осыдан екі-үш жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда оқ бойы озық екендігі тағы анық. Осыған орай Сіздерге салық төлеушілерді тіркеуге байланысты салық заңдылығына енгізілген өзгерістерді жеткізгіміз келеді.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама тәртібіне ауыстырылды, соған сәйкес жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін, мемлекеттік кірістер органына дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама береді.
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны                      2-жолмен:
Е-License Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялау порталы арқылы – электронды түрде жіберуге немесе Қызмет көрсету орталықтары арқылы – қағаз тасығышта келу жолымен беруге болады.
Бұл ретте рұқсат беру құжаттарын қысқарту мәселесі бойынша Заңымен дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы Куәліктің ұғымын анықтайтын Кәсіпкерлік кодекстің 37-бабы толықтай алынып тасталынды.
Сонымен, мемлекеттік кірістер органдарымен дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуден өткен фактісін растайтын құжатты беру,  туралы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының нормаларымен көзделмеген.
Дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін, ҚР ҚМ МКК электрондық сервисінде орналасқан «салық төлеушілерді іздеу» немесе салық төлеушілер кабинеті сайтынан қарауға мүмкіндік бар.
    Бірлескен дара кәсіперлікті тіркелген жағдайда бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы қол қойған бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары  атынан сенім хат береді.
    Егер өтініш беруші кәмелет жасына толмаған жағдайда, заңды өкілдерінің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде – неке қию туралы  куәлігінің көшірмесі (ерлі-зайыпты болу) немесе қорғанышы және қамқоршы органның шешімі немесе шешім жариялау туралы сот кәмілетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті хабарламаға қоса беріледі.
    Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
    Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалар  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес хабарлама беруге құқылы емес.
    Осыған байланысты,  Салық кодексінің 566-бабына түзетулер енгізілді, оларға сәйкес дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуді салық органы жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту негізінде жургізіледі – салық төлеушінің хабарламасының негізінде жасалады.
    Жеке кәсіпкер хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына он жұмыс күнінен кешіктірмей бірлескен кәсіпкерлік туралы өзгерген және (немесе) қатысушылары (мүшелері) туралы тіркеу деректерді ұсынуға міндетті.
    Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған  хабарламаны алған күннен бір жұмыс күнінен кейінгі күні жүргізеді;
    Қосылған құн салығы ретінде міндетті түрде тіркеу шегі 30000 АЕК мөлшерінде сақтау заңда қарастырылған.    
    Заңның жеке бабымен қосылған құн салығы төлеуші ретінде міндетті түрде тіркеу үшін шегін кезең-кезеңмен төмендету енгізілген:
-2017 жылғы 1 қаңтардан бастап  2018  жылғы 1 қаңтарға дейін  - ең төменгі айналым 30 000-еселік айлық есептік көрсеткіш – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қолданыстағы тиісті қаржы жылының 1қаңтарында;
-2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін -20000-еселік айлық есептік көрсеткіш;
-2020 жылғы 1 қаңтардан бастап -15000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері;
Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен декларацияда екі үздіксіз келесі салықтық кезеңдер қосылған құн салығы туралы мәліметтерді сату бойынша айналым туралы және сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді көрсетпеуі бойынша Салық кодексінің 571-бабы (4-тармағының 6)тармақшасы алынып тасталды.


Ж.Ерқосаев,
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
басшысының орынбасары.