Парақорлық - жаман әдет

« Назад

Парақорлық - жаман әдет 25.10.2018 15:40

     Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгідей бейбіт, берекелі өмірі Президент пен үкіметіміздің бекітіп берген заңдары мен қаулыларының нақты нормалары жүзеге асып, біртұтас елдігіміздің арқасында айбынды мемлекетке айналғанымызбен айқындалады. Келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына жұмысына деген немқұрайлығы, кейбір тоңмойын шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек, көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді.

     Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің  басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс.

Ғ.Пұсырманов,
Шиелі ауданы бойынша МКБ-ның  бас маманы.