Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Мемлекеттік кірістер органдарының көрсететін қызметтері

« Назад

Мемлекеттік кірістер органдарының көрсететін қызметтері 28.04.2017 17:41

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында соңғы жылдары жүргізілген реформаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары 53 мемлекеттік қызмет ұсынса, оның ішінде 34 қызмет түрі , яғни 64% электронды түрде қамтамасыз етілген. Мемлекеттік кірістер органдарының «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды түрде көрсетілетін қызметтерін жетілдіру негізінде қызмет көрсету «электронды үкімет» вебпорталы, «Е-лицензиялау», «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін және мемлекеттік кірістер органдарының «Салық төлеуші кабинеті», Web –декларант Web-қосымша, шот-фактуралар ақпараттық жүйесі т.б ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі.

Салық саласында ақпаратты қоғамға көшу саясатының тиімділігін арттыру ақпараттық коммуникациялық технологияларды тұтынушы тарапынан кеңінен қолдануы арқылы және электрондық қызметтер көрсету бойынша бизнес пен басқа да тұтынушыларға электронды қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ғана жетуі мүмкін.  Электрондық қызметті пайдаланудың бір артықшылығы қызметті кез –келген ыңғайлы жерде және уақытта алу мүмкіндігінде болып отыр.

Ағымдағы жылдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жеке кәсіпкерді жеңілдетілген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет түрі еңгізілді.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырында қабылданған «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына сай жеке кәсіпкердің тіркеуі хабарлама арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік қызметті қолдану үшін тұтынушы хабарламаны қағаз түрінде өткізседе, электронды түрінде өткізседе өтінішке қосымша өткізетін құжаттар тізімі шектелген және заң бойынша мемлекеттік ақпараттық ресурстардағы мәліметтер бойынша құжаттар талап етуге тиым салынған. Аталған тәртіп жеке кәсіпкерді тіркеуге және олардың қызметін бастауға оң әсерін тигізетінісөзсіз.

А.Ержанов,
Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының "Тіркеу, ақпараттық технологиялар,
ақпараттар қабылдау және өңдеу орталығы" бөлімінің бас маманы.