Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

« Назад

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ 30.03.2017 08:29

Наурыз – Шығыс халықтарының көнеден келе жатқан мейрамы. Табиғатпен тіршілік жанаратын бұл күн біздің елімізде. Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы жарлығына сәйкес бұл мереке мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Осы уақыттан бастап Наурыз біздің қоғамда бірілік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына ықпал етіп келеді.

Мемлекеттік кірістер басқармасында Әз-Наурыз өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді. Мекеме ғимараты маңайын тап-тұйнақтай тазалыққа келтіріп, сенбілік жасағаннан кейін мерекелік дастарханға  отырған ұжым мүшелерін басқарма басшысы Мұхамедияр Абдықалықов құттықтап, бұл күні ұлттық тағамдар ұлықталатынын, қазақ үшін шаңыраққа бас сұққан кісіге дәм ұсынып, батасын алу маңызды екендегін, сол арқылы отбасының ырысы артады деп түсінген халықпыз,-деп игі тілегін білдірді. Биылғы көктемде салықшылар мекеме жанындағы қоршалған аумаққа жоңышқа тұқымын егіп, жүзім ағаштарын отырғызбақшы. Оның уақытылы суарылып, күтім жасалуы және күзетілуі осындағы қарауылдарға жүктелмек. Наурыз мерекесі осындай игі істермен басталмақшы. Мұнан соң ұжымдастар жылы лебіздерін жалғастырып, ұлық күнді лайықты атап өтті.

Ә. ДОСЫҒҰЛОВА,
Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының
бас маманы.