Қысқы балық қорғау шаралары жасалды

« Назад

Қысқы балық қорғау шаралары жасалды 04.04.2018 10:16

IMG-20180210-WA0009  Балық шаруашылығы – балық аулау, тасы-малдау, қорғау және өсі­румен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын сала. Қазақстанда балықты су айдындары жеткілікті. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі, Арал, Балқаш, Алакөл бассейндері, Бұқтырма, Шардара, Көксарай, Қапшағай су қоймалары,  сонымен қатар, Орал, Сырдария, Ертіс өзендері мен оның бойында орналасқан көптеген көлдерден мол балық ауланады.

Балық шаруашылығы қазақ жерінде мол өріс алып, ірі балық аулау шаруа-шылыIMG-20180210-WA0003қтары, өңдеу кемеле-рімен, моторлы қайықтармен  жарақталса, бассейн жағалауларында ірі балық өңдеу комбинаттары мен зауыттар жұмыс істеп, оларда жоғары сапалы өнімдер мен консервілер, ысталған, қатырылған, кептірілген балық өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатты. Қазақстанда өзен-көлдер мен тоған шIMG-20180210-WA0010аруашылықтары көптеген облыстарда ұйымдастырылып, халық балықтың сан түрімен қамтамасыз етілетін.
Бір қуаныштысы соңғы кездері балық аулау шаруашылығына деген қызығушылық артып келеді.

Үстіміздегі жылы Арал ауданы бойыншаIMG-20180210-WA0002 балық шаруашылығына маңызы бар көлдер жүйесіне мұздың қалың қатуына байланысты резервте тұрған Шөмішкөл, Қаракөл, Ақбілек, Суықкөл, Лайкөл көлдер жүйесінде тіршілік еткен балықтарға күннің сәулесі өтпей, судағы еріген оттегінің тапшылығы салдарынан тұншығып өлу қаупін болдырмау, алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлерімен іс - шаралар ұйымдастырылып жұмыстар жасалды.

    Аталған іс – шараға мекеме қызметкерлері қатыстырылып мұздан ойықтар ойып қамыстан түтікше арқылы ауа жіберу әдісімен жұмыстар жүргізілді.   

 Н. КЕМАЛОВ,
«Арал орман және жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»
КММ-нің балық маманы.