Электрондық сауданың артықшылықтары
« НазадТауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін Салық кодексімен 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, интернет-сауданы қолдау мақсатында, корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылды.
Интернет арқылы сауда жасаушылар (тауарлармен электрондық сауда) – бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:
- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
- тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
- тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттары болса корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.
Е.Канатов,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының бас маманы.
