Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Банкроттық рәсімі: тәртібі және ерекшеліктері

« Назад

Банкроттық рәсімі: тәртібі және ерекшеліктері 28.04.2017 17:29

     Банкроттық рәсімі - кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен борышкердің мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім. Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде және кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.Осы  Заңда белгiленген  жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен  сотқа  жүгінуге мiндеттi.
Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.   

 

Борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып  табылады.

 

Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi басталған, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша сот үш айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.  Сот борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы шешiм шығарған күннен бастап:                                                                                                                           

 

     -  борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалану мен өткізуге және міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;
        -  банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өтті деп есептеледі;
        - банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыларды (мүдделерді) есепке жазу тоқтатылады;
-  сотта банкроттың қатысуымен қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, тоқтатылады;
      - үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктерін орындау бойынша талаптарды, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болатын жағдайларда кепіл нысанасын өндіріп алуды қоспағанда, банкротқа банкроттық рәсімі шеңберінде ғана талаптар қойылуы мүмкін;    
-  әкімші өтінішінің және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесінің негізінде банкрот мүлкіне қойылған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына қаржылық және мемлекеттік органдардың инкассалық өкімдері, мүлікке сот орындаушылары тағайындаған тыйым салу және басқалар) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады;
 - банкроттың мүлкіне жаңадан тыйым салу және банкроттың мүлкіне иелік етуге өзге де шектеулер қою мәмілені жарамсыз деп тану туралы және банкротқа қойылған, мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы қуынымдары бойынша ғана жол беріледі.  
Банкроттық рәсімін қозғау кезінде иемденушіге берілмеген банкрот мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме бойынша дәрменсіз сатып алушы банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өз талаптарын қоюға құқылы.                                                                                                   Банкроттық рәсімінің негізгі жетілдіру бағыттары:

 

-борышкер және кредитор арасындағы төлем қабілетсіздігін реттеу;                                        

 

-банкроттықтан оңалтуға   өту мүмкіндігі;                                                                                  

 

-банкроттық барысында татулық келісімін жасау (әдеттегі қызметке қайтару);                  

 

-кәсіпорынды сату және меншік иесін  ауыстыру;               

 

-банкрот деп танылған борышкерлерге қатысты барлық сұрақтарды бір сотқа бекіту;                                                                                                                                               

 

-борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін шұғыл орындау;                                           

 

-банкроттықта апелляциялық сатыда сот актілерін шағымдануды шектеу.                

 

Жаңа механизмдер бизнесті, жұмыс орындарын және салық салу базасын сақтауды, банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін қысқартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 Н.Кетебаева,
Қармақшы ауданы

бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының
бас маманы.