Арал-Сырдария Бассейндік Кеңесінің кезекті ХХVІ-шы отырысы өтті

« Назад

Арал-Сырдария Бассейндік Кеңесінің кезекті ХХVІ-шы отырысы өтті 26.05.2021 14:49

                                 АСБК фото 1

2021 жылдың 20 мамырында Қызылорда қаласында онлайн режимде Арал-Сырдария Бассейндік Кеңесінің (әрі қарай - АСБК) жиырма алтыншы мәжілісі өткізіліп, мәжілісте су ресурстары саласындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары қаралды. Мәжіліске Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік орган, мемлекеттік кәсіпорындар, су шаруашылығы ұйымдары, су шаруашылығы саласының ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты.  

Отырысты Арал-Сырдария Бассейндік Кеңестің төрағасы С.С. Нұрымбетов ашып, Бассейндік Кеңес мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес, Қызылорда облысының мәслихат хатшысы Н.С.Байқадамов, Түркістан облысының мәслихат хатшысының орынбасары С.Н. Төрежанов және Мемлекеттік Су шаруашылығы Үйлестіру Комиссиясының Ғылыми Ақпараттық Орталығы Қазақ филиалының директоры  Н.Қ. Қыпшақбаев  отырыс жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөздерін айтты.

                                   АСБК фото

Мәжіліс барысында, С.С. Нұрымбетов АСБК мүшелігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және АСБК 25-ші отырысында қаралған мәселелердің орындалуы жөнінде хабарлама жасады.  

Арал-Сырдария Бассейндік Кеңесінің ХХVІ-шы кезекті мәжілісінің күн тәртібінде:  Суды және суармалы жерлерді пайдалану тиімділігін жақсарту бойынша облыстық және аудандық шаруашылық  ұйымдарының әлеулеті мен міндеттерін арттыру жолдары (баяндамашы Н.Қ. Қыпшақбаев), Арал-Сырдария бассейні бойынша вегетация кезеңге белгіленген су пайдалану лимиті,  Шардара су қоймасы  мен Көксарай қарсы су реттегішінің болжамды жұмыс кестесі (баяндамашы             Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары                        Ж.Б.  Нұрсейтов), Сырдария өзеніндегі  Көкбұлақ және басқа да су бекеттерінің жай-күйі, Шардара су қоймасына түскен су өтімінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Көкбұлақ су бекетін басқа орынға ауыстыру жөнінде (баяндамашы «Қазсушар» РМК-ның «Суметрология» филиалының бас метрологы  С.Бекжанов), Қызылорда облысының су пайдаланушыларына су жеткізіп беру қызметінің тарифі туралы (баяндамашы «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалы директорының

орынбасары Ж.Ш.Ерназаров) және басқа да су шаруашылығы мәселелері қаралып, талқыланды.

Сонымен қатар, Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының су тапшылығы жағдайында Қызылорда облысында ауылшаруашылық дақылдарын өсіру барысында ұсынылатын су үнемдегіш технологиялар туралы және күріш өндірісіне инновациялық технологияларды ендіру арқылы Сырдария өзенінің су қорын тиімді пайдалану жолдары тыңдалып (баяндамашы Н.А.Аппазов,  «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің басқарма төрағасының уақытша м.а.), талқыланды.

Мәжілісте Сырдария өзенінде вегетация кезеңінде көрші мемлекеттер аумағынан кепілдендірілген сумен қамтамасыз етуді жандандыру және БК мүшелігіне су пайдаланушылар, шаруа қожалықтары және қоғам белсенділерін енгізу мәселелері қаралды. 

Отырыс нәтижесімен қабылданған шешімдер бассейндегі мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосады деп күтілуде.   

Арал-Сырдария Бассейндік инспекциясы.