Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты
« НазадҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында тоғызыншы бағыт ретінде жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өткен болатын.
Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік органдардағы үрдістерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым қатынасын цифрландыру маңыздылығы, атап айтқанда азаматтардың өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуына ерекше мән бөлінді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 қаңтарында сағат 11:00-де республиканың барлық аймақтарында мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарда, саяси партиялар мен діни ұйымдарда «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты тақырыппен ақпарат құралдары өкілдерін қатыстыра отырып Елбасының Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған біріңғай түсіндірмелі кездесулер өткізу жоспарланған.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ағымдағы жылдың 26 қаңтарында сағат 11:00-де «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты тақырыппен Елбасының Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған біріңғай түсіндірмелі кездесу өткізілді.
Кездесуді Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы Құрманбаев Марат Ердаулетұлы ашып, Елбасының Жолдауының тоғызыншы бағытында көтерілген мәлелелер туралы баяндап (баяндама қоса тіркелді), сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу бағытында атқарылатын шараларға тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Департаменттің әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Шайхназаров Бақытжан Абдуманапұлы өз кезегінде Жолдауда көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралардың атқарылуы үшін Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметші ретінде заң нормаларында көрсетілген жауапкершіліктерімізді сезіне отырып лауазымдық міндеттерімізді мүлтіксіз орындау қажеттігіне, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық сипатын туындататын жағдайлар жол бермеу қажеттігіне назар аударды.
Кездесу соңында Департамент қызметі барысында заңнама нормаларын қолдануда сыбайлас жемқорлық сипатын туғызатын жағдайларға жол бермеу мәселелері талқыланды.