Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлықпен күрес толастамайды

« Назад

Жемқорлықпен күрес толастамайды 28.03.2018 09:22

   Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін нақты белгілінген мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.
   Сыбайластық жемқорлық қоғамға тек зиянын тиігізіп қана қоймай,сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. Бір қорқыныштысы-сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.          
    Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдың алуға бағытталған және әкімшілік реформалар-мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді,олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді.
    Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмалар берді. Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады. Сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның немқұрайлылығы және төзімділігі, адамдармен қоғамдық мүддеге қауіп сияқты емес,мінез-құлық нормасы болып қабылданып кеткен сыбайлас жемқорлық, құқықтық мемлекеттің құрылған фундаментін бұзуға бейімделген бақылаудан шыққан күш болуының кепілдігі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдарымен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажет. Қазақстан мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуды күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне,діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
    Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кезкелген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық ғамды тарту,сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. 

 А.Ержанов,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ.