Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлыққа қақпан қойылуы қажет

« Назад

Жемқорлыққа қақпан қойылуы қажет 26.03.2019 10:23

Елбасымыздың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын-алу және сауықтыру үшін жүргізілетін іс - шараларға арналған. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық фактілерімен күреске қарсы қолданылу аясы кеңейді, және  жемқорлық іс - әрекеттеріне қарсы жүйелі түрде шаралар жүргізу міндеттелді.

Соның бірі және өзектісі - барлық сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын мәселелерге қақпан қойылуы қажет.

Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларының  алдын  алу мен жемқорлық тәуекелдеріне сырттай талдау іс-шаралар жоспары және  Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс - қимыл жөніндегі іс - шаралар жоспарын орындау мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жасалуда.

Кірістер органдары саласы бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары ашық талқыланып,ондай жағдайларды болдырмаудың барлық шаралары жасалынуда.

Атап айтқанда,  «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарының орындалуы туралы», «Сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту мәселесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселелер семинар, дөңгелек үстелдер, жиындарда тыңдалып, талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру барысында сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың төзімсіздігі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір азамат, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.

                                                                                                          Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті

Экспорттық бақылау Басқармасы.