Заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жазалау
« НазадҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына «Бақ-Береке 2030» ЖШС-нің өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5) – тармақшаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға; тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға міндетті.
Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалы жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұза отырып, тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынбаған.
Тексеру нәтижесінде, Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына әкімшілік өндірісін қозғады және ҚӨФ-ы ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, қысқарту тәртібімен оған сомасы 2,0 млн теңгеге айыппұл салынып, барлығы толығымен бюджетке өндірілді.
Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті.