Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Заң бұзушылық салдары – әкімшілік айыппұл

« Назад

Заң бұзушылық салдары – әкімшілік айыппұл 25.09.2019 10:48

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен  «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына тұтынушы жеке кәсіпкер «Биназир» өтініші негізінде  жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

 «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5) – тармақшаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі, осы Заңның 24-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға; тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға міндетті.

Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалы жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұза отырып, жеке кәсіпкерге реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынбаған.

Тексеру нәтижесінде, Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына әкімшілік өндірісін қозғады және ҚӨФ-ы ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған сомасы 4,04 млн теңгеге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу Комитетінің
Қызылорда облысы бойынша Департаменті.