Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті

« Назад

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті 26.12.2019 14:43

        Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, табиғи монополияларды реттеу саласында  төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

       - энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру;

      - егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру;

       - табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру;

       - табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару.

       Аталған қызметтерді көрсетудің мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығымен бекітілген табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерімен айқындалған.

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) немесе  көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензияны беру кезінде – 15 жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 жұмыс күні; лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 жұмыс күні, егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру кезінде – 10 жұмыс күні, көрсетілетін қызметті алушы Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу бөлігінде мемлекеттік қызмет порталына жүгінген сәттен бастап –30 минут, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару бөлігінде мемлекеттік қызмет порталына жүгінген сәттен бастап – 2 жұмыс күн.

       Қызмет көрсетушінің өтінішті қабылдағаннан бастап, ол бойынша тиісті жауап берілгенге дейінгі өтініштерді қарау процессіне, мерзіміне қойылатын талаптар осы Регламентте көзделген.

Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті.