Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

« Назад

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 28.05.2020 09:30

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, табиғи монополияларды реттеу саласында  төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

- энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия
беру,

- егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру,

- табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру,

- мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару.

Аталған қызметтерді көрсетудің тәртібі, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері, нысаны, өтініштерге қоса берілетін қажетті құжаттар тізімі, қызмет алушының шағымдану құқықтары Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 20 наурыздағы  №245 бұйрығымен бекітілген табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен (бұдан әрі – Стандарт) айқындалған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензияны беру кезінде – 15 жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 жұмыс күні; лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 жұмыс күні; табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру – 10 жұмыс күні; табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру – 5 жұмыс күні; көрсетілетін қызметті алушы Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу бөлігінде мемлекеттік қызмет порталына жүгінген сәттен бастап – 30 минут және Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару бөлігінде мемлекеттік қызмет порталына жүгінген сәттен бастап – 2 жұмыс күні.

Осы мемлекеттік қызметтердің регламенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №362 бұйрығымен бекітілген. Яғни, қызмет көрсетушінің өтініші қабылдағаннан бастап, ол бойынша тиісті жауап берілгенге дейінгі өтініштерді қарау процессіне, мерзіміне қойылатын талаптар осы Регламентте көзделген.

Қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым www.economy.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі және www.gov4c.kz интернет–ресурстарында орналастырылған мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті.