Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру

« Назад

Табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру 30.03.2021 10:04

       «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру тәртібі белгіленген. Бұл ретте, табиғи монополия субъектісі:

         -егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;

      - кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;

          -қайта ұйымдастыруға немесе таратуға уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.

         Табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беруден, егер:

            1) бұл тарифті жоғарылатуға алып келсе;

            2) бұл тұтынушылармен жасалатын шарттардың бұзылуына алып келсе;

           3) бұл тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келсе;

           4) бұл реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың тығыз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуына немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуіне алып келсе;

           4-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік табиғи монополия субъектісінің меншігінде реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету күнінен бастап он сегіз айдан аз болса;

      4-2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға бекітілген уақытша өтемдік тарифке сәйкес өтеуді жүргізбесе;

        5) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылса не ұсынылған құжаттарда анық емес ақпарат қамтылса, бас тартылуға тиіс.

       Егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға уәкілетті органның келісімін алу үшін табиғи монополия субъектісі иеліктен шығарылатын объектілер бойынша бөліністе иеліктен шығарылатын мүліктің атауы, типі, түрі, түгендеу нөмірі, бастапқы, қалдық құны көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді көшірме-растауды қоса тіркей отырып қоса өтінішхат ұсынады.

       Табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастыруға немесе таратуға уәкілетті органның келісімін алу үшін:

           1) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің көшірмесін;

 2) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының көшірмесін;

3) тарату кезінде – тарату балансының көшірмесін тіркей отырып қоса өтінішхат ұсынады.

Қуаты аз табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастырылғанға немесе таратылғанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

Табиғи монополия субъектісі өтінішхатқа қоса берілетін құжаттарды тізімдеме бойынша ұсынады.

Сондай-ақ, табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламасы уәкілетті органға тікелей де, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы да берілуі (жіберілуі) мүмкін.

                 

                                                                      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті.