Табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды
« НазадҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) Қызылорда көлік прокуратурасымен 2019 жылғы 28 қазандағы №2-10-1915-19-01207 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуы енгізілді. Ұсынуда, «Қорқыт Ата Әуежайы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ-ы) тарапынан «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) талабтарын сақтамағаны көрсетілген.
«Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ-мы Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Қызылорда облысы бойынша жергілікті бөліміне су шаруашылығы және кәріз жүйелердің қызметтері, кірме жолдардың қызметтері, электр энергиясын беру қызметі бойынша тіркелімге енгізілген.
Заңның 26-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға; тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға міндетті.
Заңның 26-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға міндетті.
Заңның 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.
Алайда, «Қорқыт Ата Әуежайы» акционерлік қоғамы тарапынан 2017 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаның орындалу бөлігінде сақталмай, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес шарттар жасалмай, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынбау, яғни «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 5), 8), 15) тармақшаларының талабын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 4,5-бөлігімен субъектіні әкімшілік жауаптылыққа тартып, оған жалпы соммасы 2 589 054 теңгеге айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, заңнаманың бұзылуын жою жөніндегі нұсқама енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды
реттеу Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті.