Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Төтенше жағдай кезеңінде ЕАЭО шеңберіне қатысты кейбір салық есептіліктерін тапсырудың шарттары

« Назад

Төтенше жағдай кезеңінде ЕАЭО шеңберіне қатысты кейбір салық есептіліктерін тапсырудың шарттары 15.04.2020 12:15

Елімізде COVID-19 короновирусына қатысты төтенше жағдай жарияланды. Сондықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау баршамызға үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

         Сол себепті, ЕАЭО шеңберіне қатысты салық есептіліктерінің сканерленген көшірмелері және оған қатысты құжаттардың тапсырылуы «Электронды үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Атап айтқанда:

  • қайта өңдеу өнімдерін шығару бойынша міндеттеме;
  • қайта өңдеу өнімдерін шығару міндеттемесінің орындалу есебі;
  • қайта өңдеу өнімдерін кіргізу бойынша міндеттеме;
  • қайта өңдеу өнімдерін кіргізу міндеттемесінің орындалу есебі;
  • алу Тізбесіндегі тауарлар бойынша электрондық шот-фактуралар;
  • 320.00, 328.00  СЕН тапсыру кезінде ҚҚС босатылған, ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу, тауарларды ішінара және толық қайтару, тауар бағасына түзетулер енгізу.  

Сұрақтар мен кеңес алу үшін Департаменттің Байланыс орталығының /8-7242/ 23-55-45, 23-83-90, 23-50-54 телефондарына немесе www.kzl.kgd.gov.kz сайтындағы жауапты қызметкерлердің байланыс нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!!!

Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
Экспорттық бақылау басқармасы.