Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы
« НазадТамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны өтірік емес. Мəртебелі мінберлерде бағдарламалар, онымен күресетін түрлі құрылымдар пайда болып жатса да, бұл індетті ауыздықтау оңай болмай тұр. Сондықтан қоғамның əрбір мүшесі, Қазақстанның əрбір азаматы бұл індетті түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндетті. Бүгінде Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі.
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша елеулі іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық органдарының қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәшік орнатылған.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде олардың жеке бас ақпараттары қатаң тексеріліп, құқық бұзушылыққа және сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңға тартылғандығы тексеріледі.
Салық басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күрес атты тақырыпта үнемі семинар сабақтар өткізіліп, дәрістер тыңдалады. Қызметкерлердің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуы қолға алынған.
Н.Кетебаева,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының бас маманы.