Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

« Назад

САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР 28.03.2018 08:39

   2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексіне салық төлеуші –дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізіліп отыр.
   Салық кодексінің 128 бабына сәйкес дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда , салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.
   Яғни, егерде салық төлеушіде 1 АЕК тен асатын 2405 теңге қарыз сома бар болса, салық кодексінің 114 бабынығ 2 тармағының 8тармақшасына сәйкес салық органдары салық төлеушіге жеке тұлғалардың берешек сомасы туралы хабарлама жолданады.
   Салық төлеуші хабарлама табыс етілген күннен бастап табыс етілген күннен 30 жұмыс күн ішінде салықтық берешегін төлемеген жағдайда, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.
   Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтінін мерзімде жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген жағдайда салық органы жеке тұлғаға осындай салық бұйрығын ҚР атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.
   Салық бұйрығын шығарған салық органы жеке тұлға салықтық берешегін өтеген күннен бастап
1 жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.

 Г.Қожамұратова,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ бас маманы.