Полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
« НазадҚызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен браконьерлікке қарсы салада жүргізілген тексеріс нәтижесінде, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы аз.А мен браконьерлерден алынған, мемлекетке тәркіленуге жататын жаңа аңшы мылтықтарын қайтарып, ескі аңшы мылтықтарына ауыстыру дерегі анықталған.
Аталған оқиғалар бойынша полиция қызметкеріне қатысты облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасымен ҚР ҚК-нің 416-бабы 5-бөлігімен қылмыстық істер тергеліп, сотқа жолданған.
Сот отырысында полиция қызметкерінің кінәсі толық дәлелденуіне байланысты сот оны аталған баппен кінәлі деп танып, мемлекеттік, құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жылға, сондай-ақ «полиция майоры» арнайы атағынан айыра отырып, оған 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысының
Табиғат қорғау прокуроры.