Нарыққа екі басқарушы компания шықты
« НазадАғымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:
«First Heartland Jysan Invest»;
«BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;
«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ);
«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ» АҚ;
«First Heartland Capital» АҚ;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ.
Алайда зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға беру үшін бұл компанияларға зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.
2021 жылдың 18 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ мен «First Heartland Jysan Invest» АҚ арасында, сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ) арасында зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттар жасалды.
«First Heartland Jysan Invest» АҚ-ның кастодиан-банкі «Сбербанк» АҚ ЕҰ, «Halyk Global Markets» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ) кастодиан-банкі «Банк ЦентрКредит» АҚ болды.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ИПБ-ны таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келген кезде берілуі мүмкін.