Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Кедендік тексерулерді жүргізу бойынша жекелеген шектеулер енгізілді

« Назад

Кедендік тексерулерді жүргізу бойынша жекелеген шектеулер енгізілді 15.04.2020 12:16

COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне көшкендіктен кедендік тексерістер бойынша келесі шаралар тоқтатылды:

1) кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру (тексеріс актілері, хабарламалар, талап қою) тоқтатылды;

2) тағайындалған көшпелі кедендік тексерістер, бірақ 2020 жылғы 16 наурыз күні күйінде басталмаған тексерістер тоқтатылды;

3) көшпелі кедендік тексерісті тағайындауды ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексімен көрсетілген («Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабы 10-тармағы 10 тармақшасына  сай) жағдайлардан басқа тоқтатылды;

4) мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасындағы ҚР Кодексінің 26 және 65 баптарына сай және ҚР ҚМ 2018 жылғы 23-ақпанындағы №264 «Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес консультация жүргізу  сұрақтары бойынша  азаматтарды қабылдау тоқтатылды;

5) шет ел тауарларын қолдану бойынша есептілік табыстау уақыты өзгертілді, онын ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №367 бұйрығымен бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен мөлшерде әкелінген кедендік баждар қолданылған тауарлар үшін есептілікті тоқсаннан жарты жылдықта бір рет келесі айдың 10-на дейінге өзгертілді.

         Төтенше жағдай кезінде Департамент қызметінің басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеу тәсіліне көшкендіктен сұрақтар мен кеңес алу үшін www.kzl.kgd.gov.kz  веб-сайтында «Біз туралы»/ «Халықпен жұмыс»/ «Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары»  жолы бойынша  мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефон нөмірлерімен  хабарласуға  болады.

Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті.