Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Наурыз мерекесі өтті
« Назад
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әз Наурыз – жыл басы, молшылықтың жолдасы» атты наурыз – думан, наурыз -той болып өтті.
Осы мерекеде "Сыр Табиғаты" заңды тұлғалар Ассоциациясының өкілдері де қонақ ретінде болды.
Мерекелік құттықтау сөз мекеме басшысы Л. Карибаеваға беріліп, қызметкерлер облыстық басқарма мен әкімшілік тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Наурыз тойға шашу шашылып, қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарынан көріністер көрсетіліп, жарапазан айтылып, Қыдыр ата еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығына оң батасын берді.
Мереке қызықты ән, биге ұласты.
СТ ақпараты.