Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының 2020 жылы атқарылған жұмыстары

« Назад

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының 2020 жылы атқарылған жұмыстары 03.02.2021 12:12

                                FullSizeRender

        Бәрімізге белгілі, Ата Заңымыздың талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің» негізі атты Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес 2020 жылдың басынан браконьерлікке қатысты қылмыстарға жазалар қатайтылды.

Осыған орай, облыс прокуроры Нұрлан Дәуренұлының бастамасымен экологиялық құқықбұзушылыққа қарсы жұмыстар күшейтіліп, кешенді шаралар қабылданды.

        Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен 2020 жылы қадағалау аймақтағы заңдылықты орнату мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Қадағалауды жүзеге асыру барысында бұрынғыдай басты назар азматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, кәсіпкерлердің құқықтарын және қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау заңнамаларының сақталуына аударылды.

    Атап айтқанда, 2020 жылдың 12 айында прокуратурамен 4 (2) тексеріс, 24 (13) талдау жүргізілді.

    Нәтижесінде, қабылданған шаралармен көптеген заңбұзушылықтар анықталып, 8 (2) наразылық қанағаттандырылды, 22 (17) ұсыну қаралып, 22 (13) тұлға тәртіптік, 29 (27) тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған, 600 (446) тұлғаның конституциялық, 2 (0) кәсіпкердің құқықтары қорғалған, 2 (1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталып, 6 (5) құжат АТК-на тіркелген.

Сондай-ақ прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде мемлекеттік бюджетке 1,723 млрд (16,5 млн) теңге қаржы өндірілген (жақша ішіндегі цифрлар өткен жылдың көрсеткіштері).

        Браконьерлікке қарсы бірқатар жұмыстар атқарылды.

      Жыл басынан бастап Табиғат қорғау прокуратурасымен барлық құзырлы органдардың қатысуымен біріккен іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, тиісті іс-шаралар ұйымдастырылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 11.04.2020 жылы Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жедел тобы, «Охотзоопром» РММ-нің қызметкерлерімен бірлесіп, 54 бас киік аңының өлі денелері және 224 кесілген киік мүйізі тиелген «Тойота Ланд Крузер» көлігі ұсталған.

        Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс басталып, тергеп-тексеру барысында анықталған киік аңдары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының аумағында ауланғандығы белгілі болып, күдіктілер мен дәлелдемелер тергеулігі бойынша жолданды.

        Сондай-ақ, 05.12.2020ж. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерімен «Киік» іс-шарасы барысында «Volkswagen Passat» маркалы такси автокөліктің ішінен киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі анықталған.

Алғашқы тергеу амалдары аталған аңның өлі денесі «Охотзоопром» ӨБ қызметкері – «Б» есімді азаматқа тиесілі екендігін көрсетті. Тергеп-тексеру жалғасуда.

Өз кезегінде, бізбен оны жұмысқа қабылдау заңдылығына талдау жүрізіліп, нәтижесінде «Охотзоопром» мекемесімен бірқатар заңбұзушылық деректері анықталып, қабылданған шаралармен кінәлі тұлғалар жауапкершіліктерге тартылды.

Желтоқсан айында болатын киік аңының күйлеу маусымында Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен «Охотзоопром» ӨБ» және Табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, облыс аумағында киік аңын аулауының алдын алу мақсатында іс-шара жүргізілді.

Іс-шара барысында арнайы Алматы қаласынан алынған, жылуға ден қойғыш құрылғысымен (тепловизор), 150 км. радиусты қамтитын, ұшқызсыш ұшу аппараты қолданылды (Сырдария, Жалағаш, Қармақшы және Қызылқұм аймақтарында ұшырылды).

Оларды аулануына жол берілмей, күйлеу маусымы сәтті аяқталды.

Балыққа қатысты – ағымдағы жылы балық ресурстарын заңсыз аулаған 497 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған.

Сонымен қатар, жыл басынан 12 адамға қатысты 9 қылмыстық іс басталып, нәтижесімен 6 адамға қатысты 3 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығып мемлекетке 1,7 млн залал өндірілген (3 қайық мемлекетке тәркіленген),  2 адамға қатысты 1 қылмыстық іс сотпен қаралуда, қалған қылмыстық істер тоқтатылған.

Сексеуілге қатысты – жыл басынан Табиғат қорғау прокуратурасының ұйымдастыруымен уәкілетті органдармен 39 рейдтік іс-шара жүргізіліп, сексеуіл ағашын заңсыз кескен 39 адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 60 тн. жуық заңсыз кесілген сексеуіл ағаштары тәркіленген.

Сонымен қатар, «ОЛХ» электронды бағдарламасы мен сауда-саттық орындарда заңсыз кесілген сексеуіл ағаштары сатумен айналысатын тұлғалар анықталып, жауапкершіліктерге тартылды.

Қылмыстық іс бойынша.

Табиғат қорғау прокуратурасымен құқық бұзушылардан алынған, тәркіленуге жататын аңшы мылтықтарын ауыстырғаны үшін Қызылорда Қалалық Полиция басқармасының Учаскелік полиция инспекторы «Р»-ға қатысты әдiлетсiз сот қаулысын шығаруға әкеп соққан іс-әрекеттері үшін ҚР ҚК-нің 416-бабы 5-бөлігімен қылмыстық іс басталып, облыс прокуратурасының арнай прокурорлар басқармасымен электронды форматта тергеп-тексеру жүргізіліп, нәтижесінде сот үкімімен «Р» кінәлі деп танылып, оны мемлекеттік, құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, оған 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, полиция майоры арнайы атағынан айырылған.

Көлдер мен аңшылық алқаптар бойынша.

Табиғат қорғау прокуратурасымен Қызылорда облысыны Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Қызылорда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы қызметінде аң және балық шаруашылығын жүргізу туралы конкурстарды өткізу, қайта бекітіп беру мен шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы қызметіне ауқымды тексеру жүргізілд.

Нәтижесімен, облыс аумағындағы 180 көл мен Арал теңізінің 18 учаскесінің табиғат пайдаланушыларымен келісімшарттық міндеттемелерін жүйелі түрде орындамай, өрескел бұзушылықтарға жол беретіндіктері анықталды.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органмен оларға ескертпелер беріліп, заңбұзушылықтар жойылды.

Жүргізілген тексеріспен 15 аңшылық алқаптарды бекіту туралы конкурсқа жалған құжаттарды ұсыну дерегі анықталды. Аталған фактілер бойынша облыстық Полиция департаментімен қылмыстық іс тергеліп жатса, соттың шешімдерімен 15 аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды.

Жер қойнауын пайдалану заңнамасының сақталу бағытында.

Нұрлан Дәуренұлының тікелей тапсырмасымен Табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылардың қызметтерінде талдау жүргізіліп, есептіліктері зерделенді.

Нәтижесінде, 59 жер қойнауын пайдаланушылармен, оның ішінде 15 мұнай компаниясымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамыту шығыстарын қаржыландыру міндеттерін 6 млрд теңгеден астам соммаға орындамағандары анықталды.

Қабылданған шаралармен міндеттемелерін 1,6 млрд теңгеге орындалуы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік бюджет толықтырылды. Қалған сомманы өндіру жұмыстары биыл жалғасын табады.

Жердің бүлінуі бағытында.

Жерді бүлдіру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен Сырдария ауданының аумағында ұзындығы 30 метр, ені 15 метр құрайтын мұнай өнімдері тектес қалдықтар төгілген орында 70 тоннадай майланған топырақ анықталып, салдарынан мемлекетке 23 млн теңге көлемінде шығын келгендігі анықталды.

Аталған факт бойынша полиция органымен ҚР ҚК-нің 332-бабымен қылмыстық іс тергелуде.

Жер қойнауын заңсыз қазу бағытында 11 құқық бұзушылық анықталып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктерге тартылып, мемлекетке келтірілген экологиялық залал орындары толықтай жойылды.

Сондай-ақ, қаланың «Бәйтерек» тұрғын ауданында жүргізілген рейдтік шаралар барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен 42 мың м3 құм қазылып, мемлекетке 52 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Бұл факт бойынша полиция органымен ҚР ҚК-нің 334-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жүргізілген мониторинг нәтижесімен жер қойнауын пайдаланушы «Альянс Доломит» ЖШС-мен («Өгізмүйіз» кен орны), «Автомобиль Жол Басқармасы» ЖШС-мен («Шалқия-2» кен орны) және «Мыңбұлақ DolomitGroup» ЖШС-мен («Мыңбұлақ» кен орны) жасасқан келісімшарттар тоқтатылғанына қарамастан бүгінгі күнге дейін кен орындарында рекультивация жұмыстары жүргізілмегендігі анықталды.

Біздің араласуымыздан кейін аталған кен орындарында рекультивация жұмыстары жүргізіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктерге тартылуда.

Экологиялық заңнаманың сақталу бағытында.

Жүргізілген талдаумен «СНПС-АЙ Дан Мұнай» АҚ-мен көмірсутекті өндіру барысында газды заңсыз жағып, мемлекетке 563 млн теңге мөлшерінде шығын келтірілгендігі анықталып, шығынды өндіру туралы ұсыну енгізілді.

Аталған дау Жоғары сотта қаралып, «СНПС-АЙ Дан Мұнай» АҚ-ның талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. Қазіргі таңда, «СНПС-АЙ Дан Мұнай» АҚ-нан аталған сомма өндірілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ ғарыштық түсірілім нәтижесімен қаланың 50 км радиус аумағында 99 рұқсатсыз қалдық орындары анықталып, қадағалау актісімен ол орындар жойылған.

Қызылорда қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Таза ауа» атты іс-шара жүргізіліп, нәтижесімен экологилық талаптарды сақтамайтын автокөлік жүргізушілеріне шаралар көрілді.

Мұнай өнімдері айналымы саласында.

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнама талаптарын бұзған көтерме сауда арқылы беруші «РК-Мұнай» ЖШС-гі ӘҚБтК-нің 281-бабы 5-бөлігі 10-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы»  ММ-мен «Мади Қажы» ЖШС-і қызметінде заңсыз жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Енгізілген наразылықпен жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы актісінің күші жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылып, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Екінші мысал. Табиғат пайдаланушы «Аружан» ЖК-і өзіне бекітіліп берілген «Өзгент» көлінің мақсатын кәсіпшілік балық аулаудан көлде-тауарлы балық өсіру шаруашылығына ауыстыру туралы өтініші Жаңақорған аудандық әкімдікпен 6 ай бойы созбалаңға салынғаны жөнінде кәсіпкердің хабарламасы түсті.

Аталған хабарламаны тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтар анықталып, қадағалау актісінің негізінде кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Кәсіпкер тарапынан прокуратура органдары қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алғыс хат жазылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтары бойынша.

Еңбек заңнамасы саласында қабылданған шаралармен «Қазсушар» мекемесінің 599 қызметкерінің 45 млн теңгеге жуық жалақыларының төленуін қамтамасыз етіліп, конституциялық құқықтары қорғалды.

Пестицидтерді заңсыз сақтау деректері.

Облыс бойынша пестицидтерді заңсыз сақтаумен айналысқан 5 ЖШС-тер анықталып, олар ҚР ӘҚБтК-нің 377-бабымен әкімшілік жауапкершіліктерге тартылып, заңбұзушылық жойылды.

Билбордтар бойынша.

Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы органмен Қызылорда облысының барлық аудандарында браконьерлік әрекеттері үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікті халыққа түсіндіру мақсатында билбордтар ілінді.

Қызылорда облысының

Табиғат қорғау прокуратурасы.